Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар есірткі тасымалдаушыны құрықтады

"Жексенбі күні Сарыағаш ауданы "Красный водопад" шекара заставасы учаскесінде барлау-іздеу тобы Өзбекстаннан Қазақстанға бет алған белгісіз адамды құрықтады. Тексеру кезінде одан жалпы салмағы 1 килограмнан астам героин салынған төрт полиэтилен пакет табылды", деп хабарлайды "Оңтүстік" аймақтық басқармасындағылар.

Шекарашылардың хабарлауынша, ұсталғанның сөзіне қарағанда, ол Өзбекстан азаматы болып табылады. Тұтқын ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментіне табысталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті