Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар шекара бұзған Өзбекстанның 90 азаматын қолға түсірді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, көрші елдің азаматтары шекарадан өткізу бекеті жоқ жерден жаяулай өткен. Олар шекара бұзу себептерін жұмыс іздеп келгендігімен түсіндірген.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, шекара бұзушыларда жеке бастарын куәландыратын құжаттары жоқ. Өзбекстан азаматтары тексеру жұмыстары үшін Мақтаарал аудандық ІІБ-ына жіберілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті