Оңтүстік Қазақстан облысында шикі мақта өңдейтін зауыттың құрылысы салына бастады

Шикі мақтадан жіп иіретін бірлескен қазақ-қытай "Инада" кәсіпорнының алғашқы кірпішін 8-шілдеде Облыстың Бірлік ауылдық округіне қарайтын Қоңырат ауылында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиев қалады. 8,5 гектар аумақта қанат жаятын зауыттың құны 12 млн. АҚШ долларына бағаланып отыр. Акцияларды 50 проценттен екі жақ тең бөліскен. №10 және №20 екі түрлі жіп өнімдерін Қытай жағы сатуға келісті. Бірлескен кәсіпорынды салуға дәл осы ауданның таңдап алынуы кездейсоқтық емес, зауытты шикізатпен қамтамасыз ететін "Мақтаарал " және "Ақ алтын" АҚ мақта зауыттары осы өңірде орналасқан.

Фабрика 2004-жылдың 8-мамырында пайдалануға берілмекші. Соның нәтижесінде Мақтааралдық 720 тұрғын жұмыспен қамтамасыз етіледі.