Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент тұрғынынан 9 килограмнан астам героин тәркіленді

Есірткі Шымкенттің 33 жастағы тұрғынының қора-жайында әдейі жасалған құпия қоймадан табылды. Тәртіп сақшылары қоймадан жалпы салмағы 9 килограмм 477 грамм болатын 10 целлофан дорба тапты.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, героин тасымалдау арнасы мен заңсыз есірткі айналымына қатысы бар адамдар анықталуда.