"Бәйдібек ауданы Шаян станциясынан 10 шақырым жерде Шымкент-Павлодар магистральдық мұнай құбырында кеше 15 сағат 25 минутта құбырға заңсыз жапқыш тиек орнатқан тұста сызат түсіп, одан мұнай ақты", - делінген хабарламада. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құбырдың ақаулы тұсы жабылып, мұнай ағу тоқтатылды.
"Апаттан қалпына келтіру жұмыстарын "Қазтрансойл" АҚ-ның 12 адамы мен 7 техникасы жүзеге асыруда. Төтенше жағдайдың болуы мүмкін зардаптарын жою үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 9 адамы мен 2 техникасы тартылды", - делінген хабарламада.