Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкенттің екі тұрғынынан 4 килограмм героин тәркіленді

Есірткі сатушылар Қазығұрт ауданында есірткі тасу барысында қолға түсті.

Бұл дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 259- бабының 3-тармағы (есірткілік заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз сатып алу, дайындау, ұқсату, жөнелту, өткізу үшін бір топтың алдын-ала ымыраласу арқылы ірі көлемде сатып алуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір ұсталғандар ҚР ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің тергеу абақтысына тоғытылды. Айғақзатты бекіту үшін процессуалдық әрекеттер жасалуда.