Ертеректе жұмыс істеп келген қала маңындағы "Шымкент-Түркістан" және "Шымкент-Шеңгелді" бағыттары қаржы тапшылығанан осыдан бір жыл бұрын жабылған болатын. Бірнеше айдан кейін облыстық әкімшілік "Шымкент-Шеңгелді" бағытына дотация түрінде 20 млн. теңге бөлген, әйтсе де, облыс орталығы мен Түркістан арасындағы автожол байланысы жақсы дегенді алға тартқан әкімшілік екінші бағытқа қаржы бөлген жоқ.
2003-жылдың желтоқсан айында "Қазақстан темір жолы" ҰК-ның басшылығы өз қаржысы есебінен "Шымкент-Түркістан" бағытын қайтадан іске қосуға шешім қабылдады. Бағыттың қалыпты жұмыс істеуі үшін жылына 60 млн. теңге қажет.
Бағытқа шығатын теміржол составы екі вагоннан тұрады. "Шымкент-Түркістан " отарбасы күн сайын 150 жолаушы тасымалдайды, ал демалыс күндері олардың саны 400 адамға дейін жетеді. Билет құны 185 теңге. Отарба 22 бекетте аялдайды.