Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазіргі жағдаймен 300 астам адам, соның ішінде Отырар ауданында Ақкөл ауылынан 35 отбасы (220 адам), Мирный ауылынан 13 отбасы (39 адам) көшірілді.
Шардара ауданында Сүткент ауылынан 3 отбасы (19 адам), Қызылшаруа ауылынан (Түркістан) 5 отбасы (12 адам) көшірілді.
Арыс әкімшілік аймағында Ақып Жақып ауылынан 11 отбасы (37 адам) көшірілді. Бастапқыда көшірілуге тиіс ауылдардың тізіміне енгізілген Шөгірлі ауылы жедел көшірілетіндер тізімінен шығарылды, ал осы тізімге Тақыркөл және Тоғайлы ауылдары енгізіліп, ол жерлерден тиісінше 8 отбасы (22 адам) және 9 отбасы (28 адам) қоныс аударды.
Қоныс аударған отбасылардың малдары жайылымдарға айдалды. Ол жерлерде жергілікті тұрғындарға киіз үйлер берілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, болжам бойынша биыл Сырдарияда су тасқыны болған жағдайда Оңтүстік Қазақстан облысында 10 мың гектар аумақ су астында қалуы мүмкін. Барлығы 15 516 адам тұратын 20 елдімекенге су ішінде қалу қаупі төніп тұр. Соның ішінде қажетті жағдайда 9 407 адамды көшіру керек.