"Ағымдағы жылдың 25-шілдесінде департаментке шағымдана келген А. есімді азамат қабылдап-таратқыштың кезекшісі міндетін атқарушының өзінен тіркелмегендігі үшін қамауға алынған Өзбекстан азаматтарын босату үшін 4 мың теңге талап еткенін жеткізген. Дерек расталып, полиция капитаны пара алып жатқан кезде қолға түсті",- деді Д.Тұрғынбай.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұтқындалған тәртіп сақшысы қазір уақытша тергеу қапасында отыр.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2006-жылдың алғашқы жартысында қаржы полициясының қызметкерлері мемлекеттік қылмыскерлер жасаған 61 сыбайлас жемқорлық қылмысын әшкереледі. Соның ішінде әкімшілік қызметкерлерінің үстінен 17, денсаулық сақтау және білім беру салалары бойынша 10, полиция қызметкерлеріне қатысты 4, сот жүйесі қызметкерлерінің үстінен 9, сот үкімін орындатушыларға қатысты 3, төтенше жағдайлар басқармасы мен басқа да мекеме қызметкерлерінің үстінен 4 қылмыстық іс қозғалды.