Оңтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшысының киімін киген тонаушылар 1,7 млн. теңгені қолды болдырды

26-қазан күні таңертең "Жораев иК" ЖШС-нің жүргізушісі мен экспедиторы Сарыағаш аудандық ІІБ-на көмек сұрай келген. Олардың айтуынша, таңғы сағат 6-да Қазығұрт ауданының Шарапхана ауылы маңында, Алматы-Термез тас жолының бойында тәртіп сақшысының киімін киген екі адам әлгілерді тоқтатқан. Беттеріне бетперде киген жалған тәртіп сақшылары күш қолдану арқылы 1 млн. 750 мың теңгені тартып алып, қызыл түсті "Фольксваген-Гольф" автокөлігімен із жасырған.

Қазір қылмыскерлер іздестіріліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.