Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шымкентте 19-мамырда жаңбырдан кейінгі тасқын салдарынан 40 көше мен 15 жай үй су ішінде қалды. "Соның ішінде 4 үй жартылай бүлінсе, бір үй толық құлап қалды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Министрлік ақпаратына сәйкес, бүлінген үйлердің тұрғындары уақытша басқа жаққа көшірілді, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
"20-мамырдағы 18 сағаттағы жағдаймен 15 жай үйдегі су сорғызып алынды, жертөлелер мен бақшалардан суды сорғызу жұмыстары жалғасуда",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға түрлі құрылымдардан 40 адам мен 11 техника жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті