Оңтүстік Қазақстан облысында темір жол қызметкерлері жанармай ұрлаған күдіктілер ретінде құрықталды

А. Бекмұратовтың айтуынша, төрт теміржолшы теміржол цистерналарынан жанармай ұрлап жатқан кезде ұсталған. Олардың арасында вагондарды құрастырушы, тексерушілер мен әскерилендірілген күзет қызметкерлері бар.

"Олар ұрлық үстінде ұсталды. Ұрылар алты цистернадан аздан-аздан жанармвй алып үлгерген кезде құрықталды, жанармай канистрлерге құйылып, жасырын жерге жеткізілген", - деді А. Бекмұратов.

Тәртіп сақшылары ұрылардан жанармай құйылған 80 канистр алды. Ұрлық дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.