Оңтүстік Қазақстан облысында теміржол вагонында 300 -ге жуық снаряд табылды-телеарна

Оқиға орнында болып қайтқан тележурналистердің мәліметтері бойынша, "Қызылсай " станциясының теміржол тұйықталымында тұрған вагонның ішінде расында да снарядтар жатыр.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 20 мамырда 17 сағат 00 минутта "Қызылсай" станциясында №67648840 жүк вагонына тиелган 60 тонна металдың ішінен снарядтардың бастарына ұқсас металл заттар табылды.

Жүк Қарағандыдан Шымкентке жіберілген. Қазіргі уақытта вагон бақылауға алынып, РҚ қорғаныс министрлігінің саперлері келеді деп күтілуде. Олар снарядтардың жарылу мүмкіндігін және жүктің қаншалықты қауіпті екендігін анықтайтын болады.