"25 мамырда 15 сағат 38 минутта төрт бала жүк тиелген құрамның астына түсіп қалды. Олардың үшеуі оқиға орнында жан тапсырып, біреуі ауыр жағдайда Сайрам аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді".
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, екі бала сегіз жаста, екеуі- он бір жаста. Олардың бәрі де Сайрам ауданында тұрады.
Қазір оқыс оқиғаның себептері анықталуда.