"Облыс қайырымдылық көмек ретінде 80 мың доза тұмауға қарсы вакцинасын алды. Бұған дейін біз жоспарлы түрде 8 мыңдай адамға вакцина ектік. Енді бізге тәуекел тобына жататын науқас балалар, дәрігерлер, мүгедектер, қарттарға жаппай тегін екпе жасауға вакцина жеткілікті", - деді С. Өтебаева.
С. Өтебаеваның атап көрсетуінше, келіп түскен француз вакцинасы "тиімді, жақсы әрі ұзақ уақыт сақталатын вакцина болып табылады".
Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемилогиялық бақылау департаментінің директоры Берік Торғауытовтың журналистерге хабарлағанындай, 30 мың доза вакцина Шымкентке, ал қалған 50 мыңы облыс аудандарына жіберілді.
С. Өтебаеваның мәліметінше, дәрігерлер қазіргі жағдаймен балалар үйлері, интернаттар, қарттар үйлері секілді жабық мекемелердегі барлық балалар мен ересектерге вакцина екті.
Эпидемилогиялық бөлім төрайымының айтуынша, биыл өткір респитарлық вирусты жұқпалы дертпен ауырғандар саны былтырғыдан біршама аз, ал тұмауға шалдығу оқиғалары облыста әзірге бірде-бір мәрте тіркелген жоқ.
"Әрине, қазір мектепте демалыс аяқталғандықтан, өсім байқалуы мүмкін. Әйтсе де осы маусым былтырғыдан жайлырақ. Сонымен бірге біз тұмауға қарсы дер кезіндегі және ауқымды вакцина екпесі суық маусымнан ойдағыдай өтуге оң ықпалын тигізеді деп сенеміз", - деді С. Өтебаева.
Былтыр облыста тұмауға қарсы 11 мың адам екпе қабылдады.