Оңтүстік Қазақстан облысында түзету мекемесінің қызметкері пара алғаны үшін тұтқындалды

ІІББ-ның ақпаратына сәйкес, түзету мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары үш жылға сотталған Камаледдин Әділов есімді азаматтан абақтыдан шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуға кедергі келтірмеймін деген уәденің төлеміне 15 мың теңге талап еткен көрінеді. К.Әділовтан алған ақша түрме бастығы орынбасарының жұмыс бөлеміндегі тумба ішінен табылып, тәркіленді. Тергеуді Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның тергеу басқармасы жүргізуде.