Оңтүстік Қазақстан облысында үйдегі өрт салдарынан екі жасар бала қаза тауып, тағы екі бала көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға түсті

Мекеме ақпаратына сәйкес, Кентау қаласында 5-шілдеде 13 сағат 3 минутта 30 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген кезде екі жасар баланың мәйіті табылды. Сонымен бірге 15 және 5 жастағы екі бала көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға түсті.

Жалын ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 10 адам ымен 2 техникасының күшімен 14 сағат 46 минутта ауыздықталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті