Оңтүстік Қазақстан облысында ҰҚК қызметкерлері жергілікті тұрғыннан 12 килограмм марихуана тәркіледі

Баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, 17-маусымда ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің шұғыл тергеу тобы Арыс әкімшілік аймағының Жиделі ауылдық округінде 12 килограмм марихуана сатпақ болған жерінен ауылдық округтің 48 жастағы тұрғынын ұстады. Сол күні ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің тергеу басқармасы аса ірі көлемде есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тұтқын ҰҚКД-нің тергеу қапасына қамалды.