"Үш жасар бүлдіршін тағы екі баламен ауыл шетінде ойнап жүрген. Ауылға қайтып келген балалар бүлдіршіннің қайда екендігін айта алмаған. 20-қарашада ауданның ішкі істер бөліміне баланың жоғалғаны туралы хабар келіп түскен",- деп хабарлады баспасөз қызметінің қызметкерлері.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, полицейлер оқиға болған жерге шұғыл келіп, ауқымды іздеу жұмыстарын ұйымдастырған. 21-қарашада бала ауыл шетінен 7 - 8 шақырым қашықтағы ұсақ өзендердің аңғарынан табылған. Ол шұңқырға құлап кетіп, онда есін білмей үш күн жатқан. Бала ауруханаға жеткізіліп, оған "өткір бронхит" деген диагноз қойылған. 29-қарашада бала үйіне шығарылды.
"Белгілі болғандай, балалар ойнап жүріп, ерегесіп қалған. Екі бала үйлеріне қарай жүгіріп кеткен де, бүлдіршін ауылдың шет жағына қарай кетіп қалған. Бала шұңқырда үш күн және екі түн жатқан. Ол қатты тоңып қалған, бірақ, дәрігерлердің пайымдауынша, қазір оның денсаулығына төнген еш қауіп жоқ",- деп хабарлады баспасөз қызметінің қызметкерлері.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті