Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індеті 72 бала мен 8 әйелде анықталды

Облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметіне сәйкес, ВИЧ індеті сондай-ақ 8 әйелден анықталды.

Ауру жұқтырған 72 баланың бесеуі қайтыс болып, 20 бала емделуде. Соның ішінде 7 бала антиретровирустық емдеуден өткізілуде. 11 бала жұқпалы аурулар ауруханасының арнайы бөлімшесінде жатыр.

Ауру жұқтырған балалармен қарым-қатынаста болған балалардың нақты тізіміне 10 175 бала енгізілсе, оның 9093-і тексерілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті