Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 147 бала тіркелді -денсаулық сақтау департаменті

"2006 жылдың 1 қазанынан кейін індет жұқтыруға қатысты қосымша оқиға тіркелген жоқ", - деді В. Дудник.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жуырда ғана ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала анықталды, бірақ оның жынысы, жасы мен тұрғылықты жеріне қатысты мәліметтер айтылған жоқ.

Сөйтіп, Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі жағдаймен ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 147-ге жетті, олардың оны қайтыс болды, бұған қоса 17 анадан індет анықталды.