"2006 жылдың 1 қазанынан кейін індет жұқтыруға қатысты қосымша оқиға тіркелген жоқ", - деді В. Дудник.
Облыстық СПИД орталығының бас дәрігері Артур Әбдіразақовтың хабарлауынша, "соңғы екі оқиғада Шымкент пен Сайрам ауданының үш және бес жастағы екі баласы індет жұқтырғандығы анықталды. Олар 2006 жылы облыстық ауруханада жатқан. Олар індет жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандардың санатынан анықталды".
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жуырда ғана ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала анықталды, бірақ оның жынысы, жасы мен тұрғылықты жеріне қатысты мәліметтер айтылған жоқ.
Сөйтіп, Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі жағдаймен ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 147-ге жетті, олардың оны қайтыс болды, бұған қоса 17 анадан індет анықталды.