Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 118-ге жетті

"2004-2005-жылдары туған тағы 4 бүлдіршіннің індет жұқтырғаны анықталды. Олар бұған дейін анықталған ауру ошағына қарасты",- деді баспасөз хатшысы.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңадан анықталған балалар Сарыағаш, Сайрам, Төле би аудандары мен Шымкентте тұрады. Олардың ата-аналары зерттеуден өтті, үш жағдайда балалардың анасы аурудан аман болып шықса, біреуінің анализдері күдік тудыруға байланысты тексеріліп жатыр.

Қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 9 бала қайтыс болып, біреуін шетелге асырап алып кеткен. 14 әйелден індет вирусы табылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті