"ВИЧ диагнозы Шымкентте тұратын, 2005 -жылы туған тағы бір балаға қойылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. СПИД орталығының мәліметінше, бала түрлі емдеу мекемелеріне төрт мәрте жатқызылған, ол жерлерде оған бұлшық етіне екпе егілген, қан тамырына екпе егілмеген және қаны ауыстырылмаған.
"Төртінші мәрте ауруханаға жатқызылағанда ВИЧ індетіне тексерілген", - дейді баспасөз хатшысы. Оның айтуынша, баладан ВИЧ індетінің бірінші сатысы анықталды, арнаулы АРТ-терапияға мұқтаж емес.
Баланың анасынан ВИЧ індеті анықталған жоқ, ал әкесінің зерттеулері әлі тексеріліп жатыр.
Сөйтіп, қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 119-ға жетті. Олардың оны қайтыс болды. Сонымен бірге ВИЧ індеті 14 анадан анықталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті