Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 58-ге жетті

Қазір балаларды ВИЧ індетіне қатысты тексеру одан әрі жалғасуда. Алайда, департаменттің хабарлауынша, медицина қызметкерлері кейбір қиындықтарға тап болды. Кейбір балалардың аты-жөні тізімде бірнеше мәрте қайталанған. "Нақтылау нәтижесінде індет жұқтырған балалармен байланыста болған 12 мың баланың саны 2-3 мыңа кемитін сияқты",- деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау департаменті.

Сонымен бірге адамдардың мекен-жайына байланысты қиындықтар туындау салдарынан медицина қызметкерлері мекен-жай бюросы мен облыстық АХАЖ қызметінің көмегіне жүгінуге мәжбүр.

"Соған қарамастан, балаларлы тексеру алдағы 2-3 күнде аяқталады",- дейді департаменттегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті