Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 61-ге жетті

"Қазіргі жағдаймен СПИД орталығының республикалық зертханасы 61 балада ВИЧ індетін растады, 8 сынама қайталап тексерілуде",- деді Т.Мейірханов ВИЧ індетімен күрес жөніндегі облыстық штабтың отырысында.

Денсаулық сақтау департаментінің мәліметіне сәйкес, 25-қыркүйектегі жағдаймен 2 мыңдай бала ВИЧ індетінен тексерілді. Дәрігерлер балаларды іздеудің қиындығын алға тартуда. Облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев бұл іске құқық қорғау мекемелерін тартуды тапсырды. Балаларды тексеру алдағы 2-3 күнде аяқталады деп күтілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті