Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 69-ға жетті

Сонымен бірге індет жұқтырған бес баланың анасынан да ВИЧ індетінің қоздырғышы анықталды. Қазіргі жағдаймен СПИД орталығының республикалық зертханасында 8 бала мен 14 әйелдің сынамалары тексерілуде.

Жалпы аланда облыстық СПИД-пен күрес орталығында 2006-жылдың 3-шілдесінен бері ВИЧ індетіне 28 710 зерттеу жүргізілді. 12 285 баланың 8900-ы тексерілді. Тексеруден өтуге тиіс 175 донордың 166-сы тексерілген. Сонымен бірге облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметіне сәйкес, қазір 6 донор іздестіріліп жатыр, бір студент қыз Ресейде оқуда жүрсе, екі донор қайтыс болған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті