Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны тағы біреуге артты

"24-қаңтардағы жағдаймен ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 88 болды",- деді облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы агенттік тілшісіне. "Ал ВИЧ індетін жұқтырған әйелдердің саны өзгерген жоқ",- деді ол.

Сөйтіп, қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індеті 88 бала мен олардың 12 анасынан анықталды. Індет жұқтырған 8 бала қайтыс болып, бір баланы асырап АҚШ-қа алып кеткен, тағы екі баланың отбасы облыс аумағынан тысқары жерде жүр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті