Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала анықталды

"Кеше Шымкент қаласында тағы бір баланың ВИЧ індетін жұқтырғандығы анықталды. Оның қалалық ауруханада - 2005 жылы және 2006 жылы маусымда емделгені белгілі болды",- деп хабарлады Н. Бабина.

Сөйтіп, бүгінгі күнде Оңтүстік Қазақстан облысында 102 бала ВИЧ індетін жұқтырған, олардың 68-і ұл, 34-і қыз бала. Сонымен қатар, індет жұқтырған 13 бүлдіршіннің анасына "ВИЧ" диагнозы қойылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті