Оңтүстік Қазақстан облысында зейнетақы төлеу бөлімінің қызметкері мүгедектік жәрдемақысын иеленген

Қаржы полициясы қызметкерлерінің ақпаратына сүйенсек, облыс аудандарының зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақы төлеу бөлімінің 44 жастағы бас маманы алдау арқылы мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақы алып келген. 2003 жылы осы ауданның тұрғындарының бірі кезекті тіркеуге келіп, мүгедектігін дәлелдемеуі себепті жәрдемақы алу құқынан айрылған.

Аудандық зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақы төлеу бөлімінің бас маманы оның құжаттарын өзіне рәсімдеп қана қоймай, "мүгедектікті" 3-ші топтан 1-топқа дейін ауырлатқан. Пошта қызметкерімен ауыз жаласып, 2005 - 2007 жылдары мемлекеттік қызметкер мүгедектік жәрдемақысын алып келген.

Зейнетақы төлеу бөлімінің бас маманы тұтқындалды, тергеу амалдары жүргізілуде.