Мекеме ақпаратына сәйкес, Амангелді ауылында 10 қазанда 12 сағат 50 минутта жай үйде 6 шаршы метр аумақты шарпыған өрт шықты, жалын одан әрі таралған жоқ.
Соның салдарынан үш кішкентай бала көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды. "ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің күштері оқиға орнына шақырылған жоқ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысында 10 қазанда 22 сағатта 2 қабатты тұрғын үйде 1 шаршы метр аумақты шарпыған өрт шықты. "Өртті жергілікті тұрғындар ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің күштері келіп жеткенше сөндірді. Оқиға салдарынан бір адамның мәйіті табылды", - деп хабарлайды мекеме.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті