Оңтүстік Қазақстан облысында жанар-жағармай бағасы отын экспортына тыйым салынғаннан кейін іс жүзінде азайған жоқ

Шымкенттегі жанармай тарату бекеттеріндегі бағаның шамалы ғана арзандауы мамырдың аяғында байқалған. Ол кезде АИ-96 жанармайының бағасы 98 - 100 теңгеден 96-97 теңгеге дейін, АИ-92 - 90 теңгеден 88 теңгеге дейін, АИ-80 - 78 теңгеден 74 теңгеге дейін арзандаған. Дизельдік отын бағасы өткен аптада небәрі бір теңгеге арзандады.

"Қазір біз квота бойынша жанар-жағармайды бұрынғы көлемде және сол бағаға алып жатырмыз. Жалғыз айырмашылық сол, дизельдік отын пайда болды. Әзірге бағаның азаюына объективті себеп жоқ", - деді бекет қожайындарының бірі.

Шымкентте жанар-жағармай бағасы облыс аудандарына қарағанда төмен. Жүргізушілердің айтуынша, аудандық жанар-жағармай тарату бекеттерінде барлық жанармай түрлерінің бағасы облыс орталығындағыдан 2 - 5 теңгеге жоғары.