Оңтүстік Қазақстан облысында жанар-жағармай жеткізуге қатысты дағдарыс одан әрі жалғасуда



Қ.Қамбаровтың айтуынша, жанармай тарату бекеттерінің 90 проценті қазір жұмыссыз тұр. Қазір мұнда жанармайды басқа облыстардан жеткізіле бастады. "Жанар-жағармай бекеттерінің қожайындары орталарынан ақша шығарып, тасушы көлікті жалдап, Алматыда 65-70 теңгеге алған жанармайды осында үстеме бағаға сатып жатыр. Соның арқасында шамалы қор ұстауға мүмкіндік жасалуда",- деді Қ.Қамбаров.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы нарықта жұмыс істейтін бір ғана ірі компания Павлодар мұнай өңдеу зауытынан ұзақ мерзімді өнім алу туралы келісім-шартына қол қойған. Ал басқалары негізінен жанармайды Шымкент мұнай өңдеу зауытынан сатып алады. Алайда "PetroKazakhstan Oil Products" АҚ-ның трейдері "Мұнай өнімдері" ЖШС себептерін айтпастан, тіпті қыркүйек айында өнім жіберуді азайта түскен. Қ.Қамбаровтың айтуынша, зауыттан кейінгі күндері жанар-жағармай мүлдем дерлік жіберілген жоқ.
Қазір облыстық жанармай таратушылар қауымдастығы жанар-жағармай жеткізуге қатысты дағдарысты еңсеруге шұғыл шара қолдануды сұрап облыс әкіміне хат дайындап жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті