Бұдан бұрын хабарланғанындай, бастапқыда жаздық егіс алқаптары 60 мың гектарға егіледі деп топшыланған, алайда бұл болжамдар іске асырылмады. "Ерте келген көктемде күн ыстық болып, су тапшылығы байқалды. Сондықтан болар көптеген шаруашылықтар жазғы егінді себуден бас тартты ", - деп түсіндірді Ш. Мары.
Сонымен бірге шаруалар өткен жылдың күзінде суық ерте келгендіктен жоспарланған 160 мың гектар күздік егістіктің орнына 100 мың гектарын пайдаланды. Соның салдарынан биылғы жылы облыс бойынша бидай көлемі 40 мың гектарға азайды.
Ал биылғы жылдың күзінде күздік егістер көлемі өткен жылғы көрсеткіштерден тіпті төмен болады. Осыған байланысты жағдай ұшығуы мүмкін.
"Бидайдың дұрыс өсіп өнуіне қажетті көлемде ылғал жетіспеді, наурызда жаңбыр жаумады. Жауын қазіргі кезде жауа бастағаны жақсы болды, ол болмағанда астық көлемі мүлдем төмен болар еді ", - дейді өсімдік бөлімінің бас маманы Парсымбек Ертүов.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, ОҚО бойынша өткен жылы бидай 182 мың (күздік және жазғы) гектар жерден жиналып, жалпы көлемі 350 мың 800 тоннаны құрады
Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы бидай көлемі өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға кем, деп хабарлады ОҚО ауыл шаруашылық департаментінде.