Оңтүстік Қазақстан облысында жеке меншік қоймалар аумағында өрт шығып, шығын көлемі 30 млн. теңгеге жетті

Агенттік мәліметі бойынша, барлығы 300 шаршы метр алқап отқа оранған.

Өртке қарсы күрес қызметінің гарнизоны келгеннен 4 сағаттан кейін тілсіз жау әзер ауыздықталды. Өрт сөндіру жұмысына гарнизон құрамының 35 адамы мен 15 техникасы жұмылдырылды. Өрт салдарынан келген материалдық шығын 30 млн. теңгені құрады.