Оңтүстік Қазақстан облысында Жеңіс тойын тойлауға келе жатқан ардагерлер жол апатына ұшырады

8-мамыр күні 19 сағатта Шымкент-Самара тас жолының бойында "Kassbohrer" автобусының жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, "Mersedes-0303" маркалы автобуспен соқтығысты. ОндаТүркістаннан Шымкенте келе жатқан Ұлы Отан соғысының жеті ардагері отырған.

Апат салдарынан ардагерлер мен "Kassbohrer" автобусында отырған 29 жастағы жолаушы әйел бас жарақатымен жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды. "Mersedes"-тің жүргізушісін көліктен гидравликалық жабдықтың көмегімен әрең шығарып алған. Соңынан зардап шегуші Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.