Оңтүстік Қазақстан облысында жер заңы жаппай бұзылуда - прокуратура

"Жер комитетінің жер телімдеріне мемлекеттік актілерді беріп қойған дегенді желеу ететін қала және аудан әкімдері өздерінің заңсыз шешімдерінің күшін жоймайды, олар бұл шешіммен келіспегендер сотқа шағымданыңдар дегенді алға тартады. Бұл артық әурешілік тудырады және де шағымдар көптеп түсуде",- деп хабарлады М.Ахметжанов.

Прокурор мысал ретінде Шымкент қаласының бұрынға әкімі Ғалым Жұмжаевтың 2005 жылы бір күнде бір нөмірмен екі шешім шығарғандығын айтып өтті. Ол шешімдердің біріншісінде 52 азаматқа, ал екіншісінде жүзден астам азаматтарға жер телімі бөлінген. Ғ. Жұмжаев он бір жеке құрылысқа арналған жер телімі бөлу туралы шешім шығарған. Ал дәл осы шешім шыққан кезде, тіптен жер телімін алу туралы өтініш тіптен түспеген.

Сонымен қатар, М. Ахметжанов аудан әкімдеріне қатысты да өткір сын айтты. "Сайрам ауданының әкімшілігіндегі жер комитетінің қызметіне қойылған бақылаудың нашарлығы салдарынан мемлекетке шығын әкелу деректеріне жол берілді. Яғни, жер телімдерін сатудағы бюджетке төленетін 24 млн. теңгенің орынан 4,7 млн. теңге, ал ауыл шаруашылық шығындарының төлемі үшін төленетін 32 млн. теңгенің тек 7,4 млн. теңгесі ғана төленген, осының салдарынан 45 млн. теңгеден астам қаржы бюджетке түспеген",- деді ол.

"Осыған ұқсас жер заңын бұзу деректері барлық облыс қалалары мен аудан әкімдеріне тән", - деді М.Ахметжанов.

"Лауазымды тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері қандай да бір тұлғаның мүддесіне қысымшылық көрсетіп қана қоймай, көптеген және ұзақ сот талқылауларына әкеп соқтыратындығын атап өткен жөн, - деді прокурор. Нәтижесінде егіс науқаны мен түсім жинау жұмыстары үзіліп, келісім бойынша міндеттер орындалмайды, сондай-ақ, жалақы мен салық төленбейді".

Облыстық прокуратураның мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылы Бас прокуратурадан облысқа өздерінің қарауына жатпайтын лауазымды тұлғалардың заңға қайшы әрекеттеріне қатысты 1433 азаматтың әртүрлі шағымдары, ал президент әкімшілігінен 330 шағым түскен.

"Біз осындай жағдайды өзіміз жасаймыз, ал бұл мәселелерді облыста немесе жергілікті жерде шешуге болады, ал біздің осы жағдайымыз республиканың орталық органдарында талқылануда", - деді М. Ахметжанов.

Прокурор облыс әкімі Өмірзақ Шүкеевке жыл қорытындысы бойынша әкімшіліктерде тексеру жүргізу, заңға қайшы шешімдер анықталған жағдайда олардың күшін жою жөнніде ұсыныс жасады. "Бұл азаматтардың жер мәселелері бойынша әртүрлі республикалық ведомстволарға, соның ішінде президент әкімшілігіне жазатын шағымдарының санын азайтады. Және де мұндай жұмыс мемлекеттік органдардың беделін көтереді, сондай-ақ, жергілікті жердің әкімдері өздерінің шешімдерінің кез-келген уақытта күші жойылуы мүмкін екендігін білетін болады",- деп санайды М.Ахметжанов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті