Оңтүстік Қазақстан облысында жол апаты салдарынан жеті адам мерт болып, үш адам жараланды

Самара-Шымкент автотрассасының 2138-шақырымында, Түркістан қаласына таяу жерде "ГАЗ-322132" автокөлігінің жүргізушісі МТЗ-80 тракторымен соқтығысып қалды.

Апат салдарынан "Газель" жүргізушісі мен 6 жолаушы оқиға орнында мерт болды. Үш жолаушы жарақаттанды.