Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан 3 адам мерт болды

Агенттік ақпаратына жүгінсек, жол апаты 20-шілде күні таңертеңгісін Жібек Жолы-Жетібай автожолының 39-шақырымында Абай ауылының маңында болған. Оқыс оқиға салдарынан шағын автобустың жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапты. "Жигули" автокөлігінің жүргізушісі мен екі машинаның 6 жолаушысы әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен Жедел жәрдем ауруханасына түсті.

Сондай-ақ, 20-шілдеде Алматы облысында Алматы-Өскемен тас жолының 59-шақырымында "Мерседес" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Соның салдарынан көлікте отырған бір жолаушы мерт болып, тағы біреуі Жедел Жәрдем ауруханасына жеткізілді.
Ал Алматы-Чапаев тас жолының 15-шақырымында "Опель-Вектра" автокөлігінің жүргізушісі ағашқа соқтығысып қалды. Соның салдарынан жүргізуші оқиға болған жерде тіл тартпай кетіп, жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
20-шілде күні кешкісін "Зил-130" автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кету салдарынан әлгі адам сол жерде қаза тапты.
Шығыс Қазақстан облысында "ДТ-75" тракторының жүргізушісі көлігін аударып алу салдарынан жүргізуші мен бір жолаушы сол жерде қаза тауып, тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.