Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам қаза тауып, бір адам жараланды

Министрлік ақпаратына сәйкес, апат Сайрам ауданындағы Ақсу-Қабылсай автожолының 23-шақырымында болып, "Ауди" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан 4 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауруханаға түсті.