"Автобуста Кентау, Түркістан, Шымкент және Қызылорда облыстарында тұратын он адам болған. Олардың алтауы оқиға орнында жан тапсырып, төртеуі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Автобус жүргізушісі қаза тапты", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қаза тапқандардың арасында 22 мен 46 жас аралығындағы үш ер адам мен үш әйел бар.
Апаттың себептері анықталу үстінде, тергеу амалдары жүргізілуде.