Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан бес адам, соның ішінде үш Өзбекстан азаматы қаза тапты

Жол апаты Алматы-Термез автожолының 764-шақырымында болып, "ДЭУ"жеңіл автокөлігі мен "Газель" жүк көлігі соғысты. Апат салдарынан "ДЭУ" жүргізушісі мен оның үш жолаушысы, соның ішінде екі Өзбекстан азаматы қаза тапты. Тағы бір жолаушы- Өзбекстан азаматы ауруханада көз жұмды. "Газель" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.