Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

ТЖМ мәліметінше, 25 маусымда 16 сағат 14 минутта Оңтүстік Қазақстан облысының Бадам - Арыс (3 шақырым) тас жолында "Камаз" көлігі жүк таситын "Газель" көлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан "Газель" толық жанып кетті. "Газель" жолаушысы күйік салдарынан қайтыс болды.