Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан екі адам мерт болып, тағы екі адам жарақатпен ауруханаға түсті

Агенттік ақпаратына сәйкес, Жібек жолы- Жетісай автожолының 42-шақырымында "Тойота-Камри" автокөлігінің жүргізушісі "ВАЗ-21093" автокөлігімен соқтығысып қалды. Апат салдарынан "ВАЗ-21093" автокөлігінің жүргізушісі мен оның 20-25 жастар шамасындағы аты-жөні анықталмаған жолаушысы оқиға орнында көз жұмып, "Тойота-Камри" автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.