Жол апаты Самара-Шымкент тас жолының 2001-ші шақырымында Түркістанға таяу жерде болды. 15-ші және 11-ші үлгідегі екі "Жигули" автокөлігі соқтығысу салдарынан бір жүргізуші мен оның 20-25 жастар шамасындағы жолаушысы қаза тапты. Екінші жүргізуші мен оның үш жолаушысы ауруханаға жатқызылды.