Жол апаты Жетісай-Жібек жолы тас жолының 165-шақырымында болған. "Nissan" автокөлігінің жүргізушісі "ВАЗ-2106" автокөлігімен соғысты.
Апат салдарынан "ВАЗ-2106" автокөлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы, сондай-ақ, "Nissan" автокөлігінің бір жолаушысы қаза тапты. Сонымен бірге екі көлікте отырған төрт жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті