Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан үш адам қаза тауып, үш адам жараланды

Қазығұрт ауданында Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 761-шақырымында "ГАЗ-2705", "ВАЗ-21011" және "ВАЗ-2106" автокөліктері соғысты. Апат салдарынан он бірінші үлгілі Жигулидің жүргізушісі мен "ГАЗда" отырған екі жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. "ГАЗ" жүргізушісі мен екі жолаушы ауруханаға түсті.