Оңтүстік Қазақстан облысында жол көлік апатында төрт адам қаза болды

"Сарыағаш ауданының Көркелес ауылында "Мерседес-бенц" көлігінің жүргізу тұтқасын басқара алмаған 19 жасар қыз жолдың жиегінде тұрған 6 адамды қағып өткен ", - деп хабарлады баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, жол көлік апаты салдарынан 3 ер адам мен 3 жасар қыз қаза болды. Тағы да екеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ, аудандық ауруханаға ауыр жарақатпен көлік жүргізушісі де таңылды.

С. Қаракөзованың айтуынша, жаңа жыл мерекесі кезінде облыс бойынша орын алған 26 жол көлік апатынан 10 адам қаза болып, 32 түрлі жарақаттар алған.