Оңтүстік Қазақстан облысында жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан 6 адамнан тырысқақ вибрионы табылды

Тырысқақ вибрионы үш ересек, үш баладан табылды. Облыстық мемлекеттік

санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау департаментінің ақпаратына сәйкес, науқастардың жағдайы орташа деп бағалануда. Бұлармен қарым-қатынаста болған 17 адам анықталып, дәрігерлік бақылауға алынды. Дерт ошағында оның таралып кетпеуіне шаралар қолданылуда.