Оңтүстік Қазақстан облысында жұқпалы іш ауруымен күрес айлығы басталды

Бүгін, 11-мамырда құрамында балалардың жұқпалы ауруларын емдеуші дәрігерлері бар 10 адамнан құралған топ Шардара ауданына жолға шықты. Дәрігерлер аудандық ауруханада жұқпалы іш ауруларына қатысты насихат сипатындағы семинар ұйымдастырады. Семинар барысында дегидратациялық бөлімше жұмыс істейді. Н.Жолдасованың айтуынша, бұл бөлімде ағзаның тұз және су тепе-теңдігін қалпына келтіру үшін науқас балаларға тұзды физиологиялық сұйықтық беріледі.

Балалардың жұқпалы іш ауруларын емдеуші дәрігерлер 11-28 мамыр аралығында облыстың барлық аудандарын аралап, семинарлар ұйымдастырып, дегидратациялық бөлімдер ашуды жоспарлап отыр.